Әлімханұлы: Қазақстандық бокс стилін әлемге әйгілі етемін
Қазақстандық боксшы, 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің болашағы туралы Instagram желісінде батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 3 КО) промоутері Боб Арумға Қазақстан жайлы жылы лебіз білдіріп, өзін қолдағаны үшін алғыс айтты.
«Мистер Боб Арум, менің елім және қазақстандық бокс туралы жақсы сөздеріңіз үшін рақмет! Көп ұзамай мен қазақстандық бокс стилін мексикалық стиль сынды әлемге танымал етемін!» - деп жазды Әлімханұлы Instagram-да.
Айта кетейік, Жәнібек өзінің келесі жекпе-жекін 4 қараша күні Эль-Пасо қаласында (Техас, АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Вон Александер (12-1, 8 КО).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или