«Канелоның» Головкинді не үшін ұтқаны белгілі болды

 «Канелоның» Головкинді не үшін ұтқаны белгілі болды

Беделді Boxingnews24.com сайтының тілшісі Шон Джонстың пікірінше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастан басқа қалада өтуі қажет, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Головкиннің промоутері Том Леффлер «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жектің Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін екеніне байланысты қобалжулы. АҚШ жанкүйерлері «Канелоның» Головкинге қарсы екі кездесуінде және Эрисланди Ларадан жеңілмегенінің себебі, жекпе-жектің Лас-Вегаста өткенін айтады. Үшінші айқас Нью-Йорк немесе Калифорнияда өтуі қажет. Головкин қанша ақша берсе де Невадаға үшінші мәрте оралады деп ойламаймын», — деп жазады Шон Джонс.

Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» арасындағы екі жекпе-жекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или