Мейірім Нұрсұлтанов жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Мейірім Нұрсұлтанов жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты. 

Соңғы кездесуін қазан айының ортасында өткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы жыл соңына дейін шаршы алаңға оралмақ. Мейірім Нұрсұтановтың кәсіпқой рингтегі 10-шы жекпе-жегі желтоқсан айының соңына жоспарланған.

Естеріңізде болса, Мейірім Нұрсұлтанов 14-ші қазан күні америкалық Джамар Фриманды төрешілердің шешімімен ұтып,  NABF Junio тұжырымы бойынша Солтүстік Американың «жас» чемпиондық белбеуін иемденген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или