«Канело»: Головкинді оп-оңай ұрып тастаймын
Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingnews24 порталына сілетем жасап.
«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуде еш қиындық жоқ екенін айтты.
- Мен оны оп-оңай ұрып тастаймын, алдыңғы жекпе-жектегіден оңай болмақ, – деп отыр Сауль Альварес.
Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, ал қарымтада Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или