Sky Sports көрермендері Головкинді үздік деп тапты
Sky Sports британдық каналы өзінің көрермендеріне 160 фунттағы ең үздік боксшыны анықтауды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Профи Бокс Казахстана» вконтакте парақшасына сілтеме жасап.
Көрермендер Сауль Альварестен жеңіліп WBA Super, WBC және IBO белбеулерінен айырылған Геннадий Головкинді (38-1-1, 34КО) бірінші орынға қойды. Қазақстандық боксшы үшін 11,8 мың адам дауыс берді.
Канело екінші орынға жайғасты (+8,1 мың, −4,6 мың).
Үздік ТОП-6 тізіміне Дэниэл Джейкобс (34-2, 29КО), Билли Джо Сондерс (26-0, 12КО), Деметриус Андраде (26-0, 16КО) және Джермалл Чарло (27-0, 21КО) кірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или