Күрестен Қазақстан командасы әлем чемпионатын 16-шы орынмен аяқтады

Күрестен Қазақстан командасы әлем чемпионатын 16-шы орынмен аяқтады

Будапештте күрес түрлерінен өткен әлем біріншілігінен соң Қазақстан командасы жалпы есепте 16-шы орын иеленді. 

Еске сала кетейік, әлемдік сында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (57 келі) күміс жүлдегер атанса, грек-рим күресінің өкілдері Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Мейіржан Шермахамбет (67 келі) қола медаль иеленген болатын. 

Жалпы есепте 10 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған Ресей балуандары көш бастады. 

Екінші орында 5 алтын еншілеген Жапония, үшінші сатыда 4 алтыны бар АҚШ құрамасы тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или