Головкин келешекте кімдермен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин келешекте кімдермен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) болашағы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>«Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жекке шыға алмаса, Роб Брантпен, Дэниел Джейкобспен немесе WBO чемпионы Деметриус Андрадемен айқасуы мүмкін», - деп жазады автор.</span>

<span>Еске сала кетейік, Роб Брант (24-1, 16 КО) таяуда WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ал Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) бос тұрған IBF белбеуін иеленді. Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) - бос тұрған WBO титулының иегері.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или