Нұрсұлтан Жаңабаевты жанкүйерлері қарсы алды

Нұрсұлтан Жаңабаевты жанкүйерлері қарсы алды

Ресейдің Владимир қаласында кәсіпқой рингтегі 5-ші жекпе-жегін өткізген Нұрсұлтан Жаңабаевты (4-0, 3КО) Атырау қаласында жанкүйерлері қарсы алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Suleiman Promotions» промоушэнінің өкілі Нұрсұлтан Жаңабаев Ресейдің Владимир қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда әлі жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз қарсыласы танзаниялық Кулва Бушириді (10-2-1, 3 КО) алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 29-шы қыркүйек күні Мәскеу қаласында өткізген. Әзірбайжандық қарсыласы Эмин Биннаталиевті (1-2, 1КО) бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или