Қазақ боксшысы бірінші раундта жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (4-0, 3КО) кәсіпқой рингтегі 5-ші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Suleiman Promotions» промоушэнінің өкілі Нұрсұлтан Жаңабаев Ресейдің Владимир қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда әлі жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз қарсыласы танзаниялық Кулва Бушириді (10-2-1, 3 КО) алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 29-шы қыркүйек күні Мәскеу қаласында өткізген. Әзірбайжандық қарсыласы Эмин Биннаталиевті (1-2, 1КО) бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или