Джейкобс Головкиннің белбеуін иемденді

Джейкобс Головкиннің белбеуін иемденді

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы үшін өткен жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы жеңді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтті. Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылды. Ал жекпе-жек аяқталысымен төрешілердің шешімі бойынша Дэниэл Джейкобс жеңімпаз атанды. 

Айта кетейі, IBF чемпиондық белбеуі бұған дейін Геннадий Головкинге тиесілі болған. Алайда қазақстандық боксшы титулды Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жекте қорғаудан бас тартқаннан соң белбеуден айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или