Леффлер: Қазақстанда Сондерспен жекпе-жек өткізгіміз келген
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер былтыр Қазақстанда Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуге жақын болғандарын айтты.
«Сондерспен жекпе-жек өткізу мағынаға ие еді, себебі әлем чемпионының соңғы титулы қажет болатын. Енді бізге бұл кездесу қызық емес. Бұл жекпе-жекті былтыр Қазақстанда ЭКСПО кезінде ұйымдастырғымыз келген. Дегенмен, бұл жекпе-жекті әлі де болса ұйымдастыруымыз мүмкін», - деді Леффлер.
Айта кетейік, былтыр Головкинге орта салмақтағы белбеулердің бәрін жинау үшін Сондерске тиесілі WBO титулы жетіспей тұрған еді.
Алайда биыл қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альварестен ұтылып, өз титулдарынан айырылып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или