Дычко рингке қашан оралады
Қазақстандық боксшы Иван Дычко рингке қашан оралатыны белгілі болды.
BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, отандасымыз Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) рингте 30 қарашада (Қазақстан уақытымен 1 желтоқсанның таңы) шығады. Иванның қарсыласы кім болары белгісіз, бірақ жекпе-жек алты раундқа жоспарланып отыр.
Дычко кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрін де нокаутпен аяқтады.
Соңғы рет Иван 6 шілдеде Голливудта жұдырықтасқан болатын. Сол кездесуінде ол Морис Харристі бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или