Нұрсұлтан Жаңабаев - Кулва Бушири: тікелей трансляция
Бүгін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (4-0, 3КО) кәсіпқой рингтегі 5-ші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Suleiman Promotions» промоушэнінің өкілі Нұрсұлтан Жаңабаевтың Ресейдің Владимир қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Әлі жеңіліс дәмін татпаған боксшымыздың қарсыласы танзаниялық боксшы Кулва Бушири (10-2-1, 3 КО) болмақ. Ол кәсіпқой рингте 10 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліс тапқан. Тағы бір кездесуі тең аяқталған.
Жекпе-жек Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады. Кездесуді «Suleiman Promotions» YouTube арнасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 29-шы қыркүйек күні Мәскеу қаласында өткізген. Әзірбайжандық қарсыласы Эмин Биннаталиевті (1-2, 1КО) бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.