Тұрсынбаева қысқа бағдарламада Медведеваны озып кетті

Тұрсынбаева қысқа бағдарламада Медведеваны озып кетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Гран-при кезеңіндегі Scate Canada жарысының қысқа бағдарламасында алтыншы орын алды.

Оған төрешілер 61,19 ұпай қойған. Мұндай ұпаймен ол Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері ресейлік Евгения Медведеваның (60.83) алдына шығып кетті.

Қысқа бағдарламадан соң ресейлік Елизавета Туктамышева көш бастап тұр – 74.22 ұпай. Одан кейінгі орындарда жапониялық Хигучи Вакаба (66.51) мен Мако Ямашита (66.30) келеді.

Енді ертең таңда еркін бағдарлама өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или