Skate Canada жарысы өтеді

Skate  Canada жарысы өтеді

26-28 қазан аралығында Канаданың Квебек провинциясындағы Лаваль аймағында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің екінші кезеңі, Skate Canada бәсекесі өтеді. Аталған сында Қазақстан намысын Элизабет Тұрсынбаева қорғайды деп жазады Olympic.kz.

Канададағы Гран-при турниріне ерлер мен әйелдерден 12 спортшыдан қатысады.

Әлем чемпионатына дейінгі ең ірі жарыс саналатын Skate Canada турниріне әлемнің ең үздік спортшылары қатысады.

Атап айтар болса, Тұрсынбаевамен бірге әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік Елизавета Туктамышева, Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Евгения Медведевалар сынға түседі.

Сондай-ақ, жапониялық Вакаба Хигучи, Юра Мацуда, Мако Ямашиталар да Элизабеттің басты қарсыласы атанбақ.

Сенбі күні Астана уақытымен таңғы 06:45-те әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бәсекесі басталады. Ал жексенбі күні таңғы сағат 07.00-де спортшылар еркін бағдарламадан сынға түседі.

Еске сала кетейік, Пхенчхан Олимпиадасының соң Элизабет Тұрсынбаева ресейлік бапкер Этери Тутберизденіңқоластына өтті.

Жаңа маусымда Тұрсынбаева Finlandia Trophy 2018 халықаралық турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или