Нұрсұлтан Жаңабаев танзаниялық боксшымен жұдырықтасады

Нұрсұлтан Жаңабаев танзаниялық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (4-0, 3КО) кәсіпқой рингтегі 5-ші жекпе-жегін 27-ші қараша күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлі жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз Ресейдің Владимир қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. 

Нұрсұлтан Жаңабаевтың қарсыласы танзаниялық боксшы <span>Кулва Бушири (10-2-1, 3 КО) болмақ. Ол кәсіпқой рингте 10 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліс тапқан. Тағы бір кездесуі тең аяқталған.</span>

Айта кетейік, <span>Нұрсұлтан Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 29-шы қыркүйек күні Мәскеу қаласында өткізген. Әзірбайжандық қарсыласы Эмин Биннаталиевті (1-2, 1КО) бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или