«Канело» Головкинге қарсы екі жекпе-жектен $90 млн табыс түсірген
Орта салмақта WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес Мексиканың жоғары табыс табатын спортшыларының тізімін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Forbes журналының мәліметі бойынша, Альварес өткен жылы 36 миллион доллар табыс тапқан. Оның 5 миллионы Мексика мен АҚШ-тағы жарнамадан түскен.
Қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы 15 миллионнан астам табыс түсірген. Бұл көрсеткішке жарнама мен PPV ақылы көресетілімнен түскен пайда қосылмаған.
Ал Головкинге қарсы екі жекпе-жекте Сауль Альварестің қалтасы 89 миллион долларға қалыңдаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или