Қазақстандық боксшы Ресейде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (4-0, 3КО) кәсіпқой рингтегі 5-ші жекпе-жегін 27-ші қараша күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әлі жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз Ресейдің Владимир қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Әзірге Нұрсұлтанның қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, <span>Нұрсұлтан Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 29-шы қыркүйек күні Мәскеу қаласында өткізген. Әзірбайжандық қарсыласы Эмин Биннаталиевті (1-2, 1КО) бірінші раундта нокдаунға түсірген. Ал екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или