«Медеуде» коньки тебуді тегін үйретеді
«Медеу» мұз айдынында конькимен жаппай сырғанау маусымының ашылуымен қатар кез келген қонақтарды тегін коньки тебуге үйрету сабақтарын өткізеді. Қазанның 27-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында тегін коньки тебуге үйрету жобасының ашылуы өтеді. Басталуы 19:00-де, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін мұз айдынында арнайы киіммен 20 нұсқаушы жүріп, кез келген «Медеу» қонақтарына көмек көрсете алады. Олар конькимен қалай дүрыс сырғанауды үйретеді.
Шараның ашылуында барлық қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік әрі көңілді бағдарламалар ұсынылып, еліміздің эстарада әншілері өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, барлық қонақтардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Айта кетер жайт, кіру ақылы. Кіру билеті мен конькиді жалға алу бағалары «Медеу» мұз айдынының баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
Бұл тегін коньки тебуге үйрету бағдарламасы әр аптаның сенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын салаутты өмір салтына бейімдеу мақсатында өткізіледі.