«Astana Arlans» польшалық «Poland Hussars»-ты жеңді

«Astana Arlans» польшалық «Poland Hussars»-ты жеңді

«Astana Arlans» командасының боксшылары WSB дүниежүзілік бокс сериясының бесiншi турында Польшалық «Poland Hussars» былғары қолғап шеберлерiн 4:1 есебiмен ұтты.

Алдымен 49 келi салмақта өнер көрсететiн Мардан Берiкбаев польшалық қарсыласы Давид Ягодзиньскидi 3:0 есебiмен жерге қаратса, 56 келi салмақ дәрежесiнде Мейiрболат Тоитов Марек Петрущуктi ойсырата жеңдi. Үшiншi кездесуде шаршы алаңға шыққан 64 келiдегi Асхат Уәлиханов қарсыласы Дамиан Кивиорды ұтты. Ал 75 келi салмақта Сергей Деревянченконы алмастырған Ерiк Әлжанов польшалық команданың капитаны Томаш Яблонскиге есе жiбердi. Соңғы бесiншi кездесуге шыққан «Astana Arlans» клубының ауыр салмақтағы өренi Василий Левит поляк Лукаш Зигмундке ешқандай мүмкiндiк берген жоқ. Жалпы есеп 4:1.

«Astana Arlans» дүниежүзілік бокс сериясының «В» тобында 13 ұпаймен көш бастап келедi. Бiр ойын кем өткiзген «Cuba Domadores» 12 ұпаймен екінші орында келедi.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или