Halyk Arena спорт кешеніндегі Олимпиада чемпионының көз жасы
Танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин өзінің досы әрі әріптесі Денис Тенді көзіне жас алып тұрып еске алды, деп ақпараттық және спрттық ХАБ хабарлайды.

Алексей Ягудин алып шаһарға Денис Теннің «Биікке ұмтыл-2018» жобасы мен «ЖасStar» жастар шығармашылық фестивалі аясында шеберлік сабақ өткізуге келді.

Бүгін Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде шеберлік сабақтың бірінші күні өтті. 50-ге жуық әр түрлі спорт мектептерінің жас мәнерлеп сырғанаушылары өздерінің бапкерлерімен осы шараға қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
- Олимпиада чемпионы бізге аксельді қалай жасау керектігін үйретіп, көптеген жаттығулар үйретті. Маған өте ұнады. Болашақта Алексей сияқты жетістіктерге жеткім келеді, - дейді шараға қатысушылардың бірі Кәусар Илья.

Бұл шеберлік сабақ ертең сағат 11:00-де InterContinental қонақ үйінде шығармашылық кездесумен жалғасатын болады. Алексейдің айтуынша ол өзінің досының жобаларын әрқашанда қолдап, осындай шараларға қуана қатысады.
- Бұнын алдында біз Денис екеуіміз осы жерде шеберлік сабақ өткізген едік, - деп көз жасын алып Алексей Ягудин былтырғы шараны есіне алды. Егер алдағы уақытта осылай шақыратын болса, менде барғым келеді, не келмейді деген сұрақтар туындамайды. Әрқашанда келуге дайынмын.

Сондай-ақ, ол Денис Теннің арқасында Қазақстанды бүкіл әлем танығанын сөзге тиек етіп, оның отбасымен Денистің жобаларын жалғастыратынын айтты.
- Шеберлік сабақтар – бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Өзім оның жобаларын жалғасын табу үшін белсенді түрде атсалысатын боламын. Әр жыл сайын Денисті еске алатын үлкен жарыстар мен шоуларда ұйымдастырылатынына сенімдімін, - деді Алексей Ягудин .