Тенді өлтіргендерді мақтаған жігітке сот үкімі шықты

Тенді өлтіргендерді мақтаған жігітке сот үкімі шықты

Бүгін Денис Тенді өтіргендерді мақтаған оралдық мұғалім Шерхан Байзеновке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Батыс Қазақстан жаңалықтары порталына сілтеме жасап.

Ұлтаралық қақтығысты өршіткен Батыс Қазақстан облысының мұғалімі Шерхан Байзеновт төрт жылға бас бостандығынан шектелді.

Бостандығынан шектеу, яғни, қоғамнан оқшауламай, арнайы мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.

Сот Шерхан Байзеновтің кінәсін мойындағаны, сонымен қатар, бұрын сотталмағаны үшін бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сотталушыға жаза уақыты біткенше тұрғылықты жерінен кетуге және 22.00 - 06.00 аралығында үйінен шығуға тыйым салынды. Бұл ескертулер орындалмаған жағдайда, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

<span>Естеріңізге сала кетейік, Шерхан Байзенов 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің суретін жариялап, қылмыскерлерді жақтап сөйлеген болатын. Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін полицейлер мұғалімді ұстап, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы «Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бойынша іс қозғады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или