Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған жігіт 3 жылға сотталуы мүмкін

Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған жігіт 3 жылға сотталуы мүмкін

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін оны өлтіргендерді мақтаған бұрынғы мұғалімнің ісіне қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі  «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап. 

Прокурор сотталушымен процессуалдық келісім жасасудан бас тартып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

<span>Естеріңізге сала кетейік, Шерхан Байзенов 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің суретін жариялап, қылмыскерлерді жақтап сөйлеген болатын. Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін полицейлер мұғалімді ұстап, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы «Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру» бойынша іс қозғады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или