«Астана арландарының» әзірбайжандық қарсыластары анықталды

«Астана арландарының» әзірбайжандық қарсыластары анықталды

«Астана арландары» командасының Әзірбайжанның «Баку оттары» боксшыларына қарсы жұдырықтасатын құрамы анықталды.

Губа қаласының «Губа Олимпик» кешенінде өтетін жекпе-жек кеші 18 қаңтарға жоспарланған. Жерлестерімізден Ілияс Сүлейменов, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Эхсан Роузбахани және Руслан Мырсатаев өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары да қарымды.

Жақында ғана командамен келісімшарт жасасқан Ілияс Сүлейменовтің қарсыласы Елвин Мамишзада да WSB додасына биыл қосылған. Екі рет жұдырықтасып, екеуінде де қарсыласынан басым түскен екен. Әуесқой бокстағы жетістігі де жетерлік. Әзірбайжан чемпионы екенін айтпағанда, Еуропаны да бағындырған. Әйтседе Лондон Олимпиадасында бірінші кездесуінде-ақ жеңіліп қалған.

Командамыздың капитаны Самат Бәшенов өткен жылы қарашаның 23-і күні алған жарақатынан толықт айыққан секілді. Бас бапкер Сергей Корчинский Саматты 18 қаңтар күнгі айқасқа дайын деп шешіпті. Жалпы «Астана арландары» командасының ең белді боксшыларының біріне айналған Бәшенов WSB додасында 2012 жылдан бері 9 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Жетеуінде жеңіске жетіп, екеуінде-ақ ұтылды. Ал қарсыласы тіптен қарымды. «Баку оттары» ұжымының ең тәжірибелі боксшыларының бірі – Альберт Селимов. Алдымен әуесқой бокста Әзірбайжанның бірнеше чемпионы атанып, Еуропада екі мәрте топ жарған. 2007 жылы әлем чемпионы атанса, 2009 жылы дүниежүзілік додада қола жүлдеге қол жеткізген. WSB жобасында алты мәрте айқасып, тек украиналық Василий Ломаченкодан жеңілген. Онда да екеуінің арасындағы жұдырықтасу өте тартысты өтіп, небәрі бір ұпай айырмасымен ғана есе жіберіпті.

«Астана арландары» сапында бір рет жұдырықтасып, ресейлік Александр Ивановты жеңгенінің арқасында көпшіліктің құрметіне бөленген Мейірім Нұрсұлтановқа әзірбайжандық Яухени Рамашкевич қарсылас атанады. Бұл екеуінің де осы додадағы екінші айқастары. Мейірім өз дебютінде жеңіске жетсе, Рамашкевич жеңілістің кермек дәмін татқан.

Желтоқсан айында Қарағандыда өткен жарылғапов турнирінде қарсылас шақ келтірмей, бапкерлер алқасының сеніміне қайта кірген Эхсан Роузбаханидің де қарсыласы өте қарымды. Рамазан Магомедов WSB додасы алғаш құрылғалы бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері 16 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жеткен. Дегенмен, біздің ирандық батырымыз да осал боксшылардың санатынан емес. «Астана арландары» құрамында жеті жекпе-жек өткізген Эхсан соның бесеуінде жеңіске жеткен болатын.

Ал аса ауыр салмақта «арландар» намысын Руслан Мырсатаев қорғауы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, алыбымыз соңғы рет түздегі жұдырықтасуын 2010 жылы өткізіпті. Бар болғаны екі-ақ мәрте сырт алаңда айқасқан. Негізінен өз жеріміздегі жекпе-жектерге ғана қатысып жүр. Жалпы, осы дода аясында 17 айқасқа қатысып, соның 13-ін жеңіспен аяқтаған екен. Алайда, Губа қаласында Русланға оңай болмайды. Қарсыласы Қажы Муртузалиев өте әккі боксшы. Үш маусымын өткізіп жатқан ол 11 мәрте жұдырықтасып, алтауын өз пайдасына шешкен.

Естеріңізге сала кетейік, «Баку оттары» командасына дейін «Астана арландары» 10 қаңтарда Польшада айқасады. Қарсыласымыз – жергілікті «Салт аттылар».

«Баку оттары» - «Астана арландары»

(18 қазан, Губа)

52 келі: Елвин Мамишзада – Ілияс Сүлейменов

60 келі: Альберт Селимов – Самат Бәшенов

69 келі: Яухени Рамашкевич – Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі: Рамазан Магомедов – Эхсан Роузбахани

91+ келі: Қажы Муртузалиев – Руслан Мырсатаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или