Nomad MMA: «Азия жауынгері» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Nomad MMA: «Азия жауынгері» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен Nomad MMA стилінде VIII Халықаралық «Азия жауынгері» турнирі мәресіне жетті.

«ММА спорт түрі әлемнің көптеген елдерінде ертеден қолға алынып, көш ілгері дамыған. Осы тұрғыда біз ММА-дің өзіндік әдісін ойлап шығару жолында біраз еңбектендік. Бірқатар елдерге барып, аталған спорт түрінің деңгейі мен жетістіктерін қарастырдық. Атқарылған біраз жұмыстың арқасында көшпелі халықтардың «Nomad MMA» күресін жасап шығардық. Біздің бастапқы мақсатымыз - жас ұрпақты ММА арқылы спортқа баулу. Елімізде ММА бойынша орта буын өкілдерінен кәсіби спортшы жоқтың қасы. Осы олқылықты жою үшін біз жасөспірімдерді көптеп тартып<span> </span>жатырмыз. Жарыстан жүлделі орын алмаса да, жеткіншек өзін қорғау үшін айналысса, ол да біз үшін жетістік. Елімізде бұл спорт енді ғана жанданып, қолдауға ие бола бастады. Осымен 8-рет ұйымдастырылып отырған турнирге 500-ге жуық спортшы қатысқанын бәріңіз көрдіңіздер», - деді «Nomad MMA» республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Азия мықтысы атану үшін 500-ге жуық спортшы өзара күш сынасты. Олардың ішінде Қазақстан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ауғанстан және<span> </span>Ресей<span> </span>елдерінің өкілдері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или