Қазақстандық теннисшілер Францияда өтетін турнирге қатысады
Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Ерасыл Ерділдә келесі жылы Францияның Тарбе қаласында өтетін Les Petits As (14 жасқа дейінгі бейресми әлем біріншілігі) жарысына жолдама алды, деп жазады 24.kz.
Индонезияның Бали аралында өткен Asia play-offs Lacoste ТОР5 турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық теннисшілер үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық қыз жарыстың финалына жетіп, шешуші кездесуде қытайлық Тайбэй елінен келген Лин Ли-Хсинге 3:6, 2:6 есебімен есе жіберіп алды. Ал бүгін Ерділдә үшінші орын үшін таласта үндістандық Нитиса Латхуды 4:6, 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, біздің теннисші қыз Сандуғаш Кенжебаева жарыс ұйымдастырушыларынан Патри Муратоглудың теннис академиясына жолдама алды. Les Petits As – жасөспірімдер туринирі (14 жасқа дейінгі) 1983 жылдан бері Тарбе қаласында жабық корттарда өткізіліп келеді. Les Petits As жеңмпаздары арасында Хуан-Карлос Ферреро және Рафаэль Надаль сынды ракеткалар бар.