«Ақжайық» «Универсалдан» басым түсті
<p>
<strong>Допты хоккейден Ресей чемпионатында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайық» командасы өз мұз айдынында Саратовтың «Универсалын» қабылдады.</strong></p>
<p>
Жаңа жылдағы алғашқы ойынын Дмитрий Иванников баптайтын батысқазақстандықтар барынша жинақы өткізіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Әсіресе, команда капитаны әрі сұрмергені, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ескендір Нұғманов хет-триктің авторы атанып, осы маусымда соққан доп санын 23-ке жеткізді. Сондай-ақ Александр Шавалдин, Петр Грибанов, Самат Аманшин қонақтар қақпасын дәл көздеді.</p>
<p>
Бұл ойыннан кейін 30 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта көш басындағы «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) командасын қуып жетті. 9-шы қаңтар күні «Ақжайық» пен «Универсал» командалары екінші ойынын өткізеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или