Данияр Елеусінов жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Бостонда америкалық Мэтта Доэртиге (8-5-1, 4 КО) қарсы жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды prosports.kz.
- Мен Бостонды жақсы көремін. Бұл керемет қала, жақсы адамдар жиналған. Бұл қалада өнер көрсету - мен үшін үлкен құрмет. Мен Америкада жекпе-жек өткізуді ұнатамын. Себебі АҚШ - бокс әлемінің Меккесі<span>, - деді Елеусінов.</span>
Бұдан бөлек, Данияр қазіргі бапкері <span>Джон Дэвид Джексон жайлы да жақсы пікір білдіріп, оның нағыз чемпиондарды дайындайтын білікті маман екенін айтты.</span>
<span>Еске сала кетейік, Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегі 21 қазан таңертең Бостондағы (Массачусетс штаты, АҚШ) TD Garden аренасында өтеді. Астана уақыты сағат 06:00-де басталатын кездесуді «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетеді.<br /></span>