Пакьяоның келесі жекпе-жегі қашан және кімге қарсы өтетіні анықталды
Сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегінің қашан және кіммен өтетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
Филиппиндік боксшының қарсыласы төрт салмақ дәрежесіндегі чемпиондық титулдардың бұрынғы иегері Эдриен Бронер болмақ. Жекпе-жек 12-ші не 19-шы қаңтар күні Лас-Вегас қаласында өтеді.
Айта кетейік, 39 жастағы даңқты боксшы соңғы жекпе-жегін ағымдағы жылдың шілде айында өткізген болатын. Ол кезде Мэнни Пакьяо қарсыласы Лукас Маттиссені нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта <span>WBA Regular чемпиондық белбеуін иемденді. Ал Эдриен Бронер сәуір айында Джесси Варгаспен тең тарқасқан.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или