Альварес спорт тарихындағы ең қымбат келісімшартқа отырды
Орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен оның промоутері Оскар Де Ла Хойя DAZN атты стримнгтік сервиспен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Канело мен компания арасындағы келісім 5 жылға жасалған. Осы жылдар ішінде боксшы 11 кездесу өткізуі тиіс. 28 жастағы мексикалық осы уақыт ішінде 365 миллион доллар табыс табады. Бұл көрсеткіш бойынша Альварес спорт тарихындағы ең қымбат келісімшартқа отырды. Осыған дейінгі рекорд Джанкало Стэнтон атты бейсболшыға тиесі болатын. Ол «Янкис» компаниясымен құны 325 миллион тұратын 11 жылдық келісмшартқа отырған еді.
Осы келісімшарт аясындағы алғашқы кездесуде боксшы Рокки Филдингпен кездесу өткізеді. Жекпе-жек 15-ші желтоқсанға белгіленген.
Айта кету керек, британиялық промоутер Эдди Хирн аталмыш стримнгтік сервиспен 1,5 миллиард долларға келісімшарт жасасқан болатын. Келісім бойынша оның компаниясы жылына 32 турнир өткізуі тиіс (16 Ұлыбританияда, 16 АҚШ-та). Осы жылы ММА-промоушен Bellator дәл осы стримингтік қызмет көрсететін ұжыммен келісімге келді.
Бұл сервистің ыңғайлылығы сол, қолданушы 10 доллар төлеп, кез-келген спорттық жарысты онлайн көруге мүмкіндік алады.