Головкин: «Осуманудың қарны аш, ол өте мықты боксшы»

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин, шетел басылымдарына берген сұхбатында, жаңа жылды қалай қарсы алғанын және алдағы Осуману Адамаға қарсы жекпе-жекке дайындығы туралы сыр шертті.

«Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алғаныма өте бақыттымын.

Адамамен жекпе-жекке дайынмын. Екі ай болды тыңғылықты дайындалып жүргеніме. Бұл мен үшін пайдалы. Осуманудың қарны аш, ол өте мықты боксшы. Кездесуді асыға күтудемін. Ол менен қорықпайды, мен үшін бұл жақсы. Онымен барлық он екі раундты жұдырықтасуға әзірмін», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Адама арасындағы жекпе-жек 1-ші ақпан күні Монте-Карлоде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или