Жанқош Тұраров бокстағы мансабын аяқтады ма

Жанқош Тұраров бокстағы мансабын аяқтады ма

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өзінің мансабына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жанқош Тұраровтың үлкен аренадағы соңғы жекпе-жегі 2017 жылдың 9 қыркүйегінде болып өтті. Ол қолы сынып кетсе де, аргентиналық боксшы Бруно Леонардо Ромейді төрешілер шешімі бойынша жеңіп кеткен болатын.

Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы рингке шықпай кеткен боксшының мансабын аяқтағаны туралы қауесеттер тарап кетті.

Осы орайда Жанқош Тұраров өзінің бокстағы болашағына қатысты болжам жасағандарға жауап берді.

«Мансабымды аяқтаған жоқпын! Ол енді ғана басталды» , - дейді боксшы.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров қәсіпқой бокста 22 жекпе-жек өткізіп, оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или