Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады
Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады,-деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>сайты.
Жарыстың күндізгі сессиясында +91 келі салмақта Дамир Тойбай самоалық боксшы Вайсилика Тоалуамен жұдырықтасады. Кешкі сессияда 91 келі салмақта Айбек Оралбай мен чилилік Эндрюс Сальгадо арасында кездесу өтеді. Сондай-ақ қыздар арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансая Әбдірайымова америкалық Дестини Хиавенмен жолығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или