Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Батысқазақстандық самбошы Армат Қабдолов жастар арасында Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

<span>БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 52 кг салмақта юниорлар арасында күрескен Армат қатарынан төрт кездесуінде қарсыластарын тізе бүктірді.</span>

<span>А.Қабдолов финалда ғана ресейлік Харун Тлишевке есе жіберді. Арматтың бапкері - Мейірім Базаров.</span>

<span>Айта кетейік, айтулы додада қазақстандық басқа палуандар да жүлдесіз қалып жатқан жоқ.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или