Әли Ахмедов қарсыласын 1 минутта нокаутқа түсірді

 Әли Ахмедов қарсыласын 1 минутта нокаутқа түсірді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Әли Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді.

<span>Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында жартылай ауыр салмақтағы WBC жастар белбеуінің иегері 23 жастағы Ахмедов титул үшін жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомес болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Бұған Ахмедовтің қарсыласының бауырынан қатты соққы жасауы себеп болды.</span>

WBC белбеулер жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық титулы бәске тігілген-ді. Осылайша Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның ішінде онын ол мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Ал қарсыласы Гомес карьерасында 15-ші рет жеңілді. Осы күнге дейін 17 рет жеңіске жеткен.

<iframe width="660" height="371" src="https://www.youtube.com/embed/WGFuF0DWfrQ" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или