Чемпиондық белбеуді қайтарған Сондерс жазаланбақ

Чемпиондық белбеуді қайтарған Сондерс жазаланбақ

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін босатты, деп жазады<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

<span>Боксшының бұл шешімге келуіне Массачусетс штатының Атлетикалық комиссиясының (MSAC) Деметриус Андрадеге қарсы өтуі қажет болған жекпе-жекке лицензия бермей қоюы себеп болды. Қыркүйек айының соңында Сондерстің қанынан тыйым салынған оксоксилофрин атты дәрумен табылған. </span>

<span>Бұған қоса Дүниежүзілік бокс ұйымының президенті Пако Валькарсель бұрынғы чемпионды қосымша жазалауға ниеттеніп отыр. Ол WBO атқарушы комитетіне Сондерсті алты айға шеттетуді ұсынды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или