Сондерс WBO чемпиондық белбеуінен бас тартты

Сондерс WBO чемпиондық белбеуінен бас тартты

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін босатты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Боксшының бұл шешімге келуіне Массачусетс штатының Атлетикалық комиссиясының (MSAC) Деметриус Андрадеге қарсы өтуі қажет болған жекпе-жекке лицензия бермей қоюы себеп болды. Қыркүйек айының соңында Сондерстің қанынан тыйым салынған оксоксилофрин атты дәрумен табылған. 

- Сондерс орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартып, MSAC алдында допинге қарсы ережені бұзғаны үшін кешірім сұрады. Осылайша 20 қазан күнінен жоспарланған Андраде - Каутондокве жекпе-жегінде белбеу сарапқа салынатын болады, - деп жазды WBO ұйымының президенті Франциско Валькарсель Twitter желісіндегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или