Бокстан екі дүркін әлем чемпионына қастандық жасалды

Бокстан екі дүркін әлем чемпионына қастандық жасалды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Кубада әуесқойлар арасындағы бокстан екі дүркін әлем чемпионы Хулио Сезар ла Крусқа қастандық жасалды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Белгісіз біреулер 24 жастағы спортшыға Камагуэе қаласында спорт клубынан шығып келе жатқан кезде оқ атқан. Оқ боксшының сол жақ қабырғасын жарақаттаған. Қылмыскердің ұсталғаны және оның не себепті осындай қылмысқа барғаны жайлы ақпараттар әзірге жоқ.</p> <p style="text-align: justify;"> Ла Крус Кубадағы ең үздік боксшылардың бірі, ол 2011 және 2013 жылдардағы әлем чемпионы. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Куба құрамасының белді мүшесі.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или