Сочи Олимпиадасына билеттер сатылымы басталды

Сочи Олимпиадасына билеттер сатылымы басталды

Қысқы Олимпиада ойындарына билеттер 8 қаңтарға дейін сатылады. Жарыстар мен Салтанатты ашылу және жабылу кезіне билеттер ресми tickets.sochi2014.com сайтынан алуға болады, деп хабарлайды sochi2014.com.

«Билеттер құны 2340 теңгеден басталады (500 рубль). Ресми сайтта жанкүйерлер басқа жанкүйерлердің билетін сатып алуына болатын Fan2Fan парақшасы ашылды. Fan2Fan - басқа көрерменнің билетін заңды түрде сатып алуға болатын жалғыз ресми он-лайн парақша», - деп хабарлайды Сочи-2014 ұйымдастыру комитетінің баспасөз орталығы.

«Сочи 2014» билет бағдарламасы қысқы ойындар тарихында спорт түрінің көптігі және ойындар қатарына қосылған жаңа жарыстар саны бойынша ең ауқымдысы.

1 желтоқсанда Ресейдің Сочи қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына келетін туристерге жеңілдетілген виза беру тәртібі енгізілген. Виза алу .үшін дүниежүзіндегі ресейлік елшіліктерде ашылған «Олимпиада терезесіне» өтініш беру керек. Ресей визасын алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ әрі аялдайтын қонақүйді белгілеу талап етілмейді. Виза алуға берілген өтініш қысқа мерзім ішінде қаралады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Виза алушы адам қысқы ойындар мен спорт жарыстарына қатысатындығын нақтылауы тиіс. Бұл үшін жарыс немесе ашылу салтанатының билетін, болмаса жанкүйер құжатын ұсынуы керек», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или