Элизабет Тұрсынбаева Finlandia Trophy турнирінде күміс медаль алды
Финляндияның Эспоо қаласында «Челленджер» сериясындағы Finlandia Trophy турнирі аяқталды.
Еуропа және әлем чемпионы ресейлік Елизавета Туктамышева екі бағдарламаның қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанды.
Ол екінші орын алған қазақстанлыұ<span> </span><span>Элизабет </span>Тұрсынбаевдан 2.11 ұпайға озды.
Ал үшінші орын финляндиялық Вивека Линдфорсқа бұйырды.
Мәнерлеп сырғанау. «Челленджер» сериясы. Finlandia Trophy. Эспоо, Финляндия <br />Әйелдер
1. Елизавета Туктамышева (Ресей) – 202,85.
2. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 200,74.
3. Вивека Линдфорс (Финляндия) – 187,19.
Еркін бағдарлама:
1. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 129.79
2. Вивека Линдфорс (Финляндия) – 129.50
3. Елизавета Туктамышева (Ресей) – 129.02
Айта кетейік, биылдан бастап Тұрсынбаева ресейлік бапкер, Олимпиада чемпионы Алина Загитованың жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің қоластында дайындалуда.