Батыр Жүкембаев жеңіліссіз сериясын жалғады

Батыр Жүкембаев жеңіліссіз сериясын жалғады

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 14-ші жеңісіне жетті.

Канаданың Квебек қаласында өткен жекпе-жек 7-ші раундта аяқталды. Батыр Жүкембаев қарсыласы Патрисио Мореноны бауыран ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтті.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында өткен соңғы жекпе-жекте Жүкембаев Джонатан Хосе Энисті жеңіп, WBC Continental Americas белдігіне қол жеткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или