WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді

WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек, деп жазады 24.kz.

Қазіргі таңда WBC ұйымында жекпе-жекке дейін бір күн бұрын өлшену рәсімімен қатар, бір ай және бір апта бұрын өлшену бар. Енді бұған жекпе-жекке дейін екі апта бұрын және жұдырықтасатын күні салмақ өлшеуді қоспақ.

Жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшенгенде, боксшы келісімшартта көрсетілген салмағынан он пайыз асып тұруға рұқсат етіледі, ал 14 күн бұрын бес пайыз ғана, жеті күн қалғанда – 3 пайыз. Ал жекпе-жек күні өлшенгенде, спортшы келісімшартта көрсетілген салмақтың он пайызынан артық жинауына болмайды.

WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап боксшылар комиссияға жыл сайынғы МРТ-тексерісінің мәліметтерін берулері қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или