Ресми: Сауль Альварестің келесі қарсыласы анықталды

Ресми: Сауль Альварестің келесі қарсыласы анықталды

Орта салмақта WBA, WBC (50-1-2, 34 KO) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы боксшы келесі жекпе-жегін 15 желтоқсан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы 31 жастағы британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО). Рокки екінші орташа салмақта WBA Regular белдігінің иегері. Демек, егер ол Альваресті жеңсе, екі салмақ санатында әлем чемпионы атана алады.

Филдинг аталған белдікке биыл шілде айында германиялық Тайрон Цойгені нокаутпен жеңіп, қол жеткізген болатын.

Естеріңізде болса, Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткен екінші жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Аталған жекпе-жек 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или