Батыр Жүкембаев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Батыр Жүкембаев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте (Канада) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы боксшының (13-0, 11 КО) қарсыласы Мексикадан Патрисио Морено (20-2, 14 КО). Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында өткен соңғы жекпе-жекте Жүкембаев Джонатан Хосе Энисті жеңіп, WBC Continental Americas белдігіне қол жеткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или