Головкин бокстан қашан кететінін айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Боксшының айтуынша, бокс – аса қауіпті спорт түрі, бір ғана соққыдан өміріңмен қош айтысуың ғажап емес.
«Жауап беру қиын екен. Меніңше, белгілі бір жасқа дейін ғана жұдырықтасу керек деген ұғым жоқ. Мүмкіндік болса, ниет болса, жалғастыра береміз», — деп мәлімдеді Геннадий Головкин Алматыдағы баспасөз мәслихатында.
Орта салмақтағы экс-чемпион келесі қарсыласы туралы тіс жармағанды жөн көрді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или