Жеңілмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) 13 қазан күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.
Қазақстандық WBC чемпионы 14 рет нокаутпен ұтқан боксшымен кездеседі<br />BoxRec.com мәліметінше, оған америкалық Джамар Фримэн (15-6-2, 8 КО) қарсылас болады. Жекпе-жекте орта салмақтағы NABF Junior чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы пуэрторикалық Анхель Акоста (18-1, 18 КО) мен Мекиска өкілі Абрахам Родригес (23-1, 11 КО) кездеседі. Бокс шоуын Golden Boy және Main Events промоутерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтанов белгілі америкалық менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырған. Ол Мейірімнен бөлек, өзге де қазақстандық боксшылар: Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО), Сағадат Рахманқұлов (3-0, 1 КО), Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) және Асхат Уалихановтың (4-1, 2 КО) мүддесін қорғайды.