WBC Головкиннің келесі қарсыласын бекітті

WBC Головкиннің келесі қарсыласын бекітті

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің конфенциясында ұйымның бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін уақытша чемпион Джермалл Чарлоға қарсы өткізеді деген шешім қабылданды.

Ал бұл кездесудің жеңімпазы кейін мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуға мүмкіндік алады.

Айта кетерлік жайт, бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен Канело арасында үшінші жекпе-жекті ұйымдастырғысы келетінін айтқан еді.

Егер Головкин мен Альварес реванш жайында келісетін болса, Чарло сәл күте тұруға келісін берді.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр өтіп, тең есеп тіркелген еді. Ал биыл боксшылардың рематчында Канело ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или