AIBA-да үлкен дау шықты
Халықаралық бокс қауымдастығында үлкен жанжал шықты. AIBA атқарушы комитетінің мүшесі Терри Смит атқарушы вице-президент Франко Фальчинелли көптеген тәртіптік ережелер бұзғанын айтып, италиялықтың қызметтен кетуін талап етті.
Бұл туралы Novsport жазды. Фальчинеллидің айтуынша, Смит алдағы сайлау кезінде өз командасы жеңіске жету үшін, бәсекелестердің жолын кеспек болып жүр.
Болгариялық БАҚ-тың хабарлауынша, Франко Фальчинелли АИБА президенттігінің алдағы сайлауында қазақстандық Серік Қонақбаевты қолдамақ.
Ал сайлауға түсетін екінші кандидатура өзбекстандық Ғафур Рахимов болып отыр. Ол қылмыстық топтармен байланысы бар деп айыпталуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или