Геннадий Головкин Алматыда баспасөз мәслихатын өткізеді
WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматыда Technodom-мен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл туралы «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасы мәлімдеді.
Баспасөз мәслихаты 5 қазан, жұма күні өтеді және Ritz Carlton маңындағы Esentai Square алаңында тікелей эфирден көрсетіледі. Басталуы Астана уақытымен 10.30-да. Бұл шараға кез келген адам келіп, Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған открыткаға ие бола алады.
Ал Технодомның Instagram, Facebook және ВКонтакте желісіне жазушылар арасында Геннадий Головкин өзі қол қойған 15 пар былғары қолғап ойнатылады.
Естеріңізде болса, 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңілген Головкин өзінің WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын.