Тайсон Фьюри – Деонтей Уайлдерге: «Менің әйелімнің соққысы сенікінен мықты»

Тайсон Фьюри – Деонтей Уайлдерге: «Менің әйелімнің соққысы сенікінен мықты»

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер Лондонда баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Менің әйелімнің соққысы сенікінен мықты. Сен ұрған кезде сезбедім де. Түкке тұрғысыз бейшарасың. Мені ұруға сенің рухың да жетпейді. Бұл ойын деп ойлайтын шығарсың. Алайда, мен сен секілді қайыршыларды бір-ақ ұрам», - деді Фьюри өзінің қарсыласына.

Лос-Анджелестің «Стэйплс-центр» аренасында өтетін кездесу 1 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Уайлдер – ауыр салмақтағы WBC версиясының қазіргі чемпионы, өткізген 40 жекпе-жегінің 39-ын нокуатпен жеңген. Фьюриге келер болсақ, 27 рет жекпе-жек өткізіп, ешқайсысын да жеңіліс көрмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или